Мұрағат: 26.02.2015


Петербордан көрме келді

Күні: , 140 рет оқылды


 Сейсенбі күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ресей елінің Санкт-Петербург қаласындағы балауыз мүсіндер мұражайынан келген «Аңыздар мен атақтылар» атты көрме ашылды.

Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар, ұлы саясаткерлер, орыс ертегілері мен фильм кейіпкерлерінің 50 мүсіні қойылған. Ондағы кейбір мүсіндер тірі адамдай көрініп, ерекше әсер қалдырады. Балауыз мүсіндер мұражайының көрмесі музейге келушілер үшін бір ай бойы ақылы түрде қызмет көрсетпек.


Сапалы бензинмен толық қамтылмақ

Күні: , 940 рет оқылды


 Өткен жылы ҚР Энергетика министрлігі республикамызды газдандырудың бас сызбасын әзірледі. Қазіргі таңда мемлекетіміздегі 1150 елді мекен көгілдір отынға қосылған. 2030 жылға дейін ол 1,6 мың елді мекенді құрамақ, яғни газдандыру деңгейі 56%-ға жетеді.


2015 жылы белгіленген жоспарға сәйкес мұнай тұрақты өндірілетін болса, газды өңдіру жылына 42,2 млрд. м3 құрамақшы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Энергетика министрi Владимир Школьник мәлiм еттi. Оның айтуынша, газдандыру деңгейін арттыру бағытында бiрқатар жобалар қолға алына бастады. Мәселен, Қазақстан-Қытай газ құбырының үшінші тізбегі жылына 55 млрд. м3 дейін тасымалдау мүмкіндігін береді. «Бейнеу-Бозой» газ құбыры Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 300-ден аса елді мекенін газбен қамтамасыз етпек.


Майдангерлерге МЫҢ АЛҒЫС!

Күні: , 916 рет оқылды


Менің үлкен атам Төрәлі Рамазан Аққайырұлы 1925 жылғы ақпан айының 25-і күні қазіргі Теректі ауданына қарасты Шағатай ауылында өмірге келген.


1933 жылы мектеп табалдырығын аттаған атам 1941 жылы жетінші класты бітіріп, Орал қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумына құжат тапсырады. Бірақ сол жылы соғыс басталып, оқу жайына қалады. Дегенмен 1942 жылы сол кезде атамдар тұратын совхозға (бертін келе бұл шаруашылық «Чапаев» атындағы асыл тұқымды мал зауыты атанды) мал шаруашылығы мектебі (школа животноводов) көшіп келіп, атам осы мектепті бітіріп, кіші зоотехник мамандығын алып шыққан екен.


Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: «Тұрғын үй құрылысы, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА»

Күні: , 826 рет оқылды


 – Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміз үшін айрықша маңызды саналатын мәселелерді айқындап, қоғамның түбегейлі мәселелерінің шешілу жолдарын нақты көрсетуімен  маңызды. Одан басқа еліміздің экономикасының дамуы мен қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін көтеру, халық тұрмысын жақсарту басты назарда болмақ. Соның ішінде тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымы мен әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жіті көңіл бөлінетін болады.


 Өткен жылы өңірімізге «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6 219,4 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жоспардағы 233,4 мың шаршы метр тұрғын үй іс жүзінде 257,1 мың шаршы метр болып, яғни 111 пайызға орындалды. Бұл 2013 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 4%-ға артық. Тұрғын үй құрылысы алаңдарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 2 933,5 млн. теңге бөлініп, ол да толығымен игерілді. Мемлекеттік бағдарлама  шеңберінде инженерлік желілерді өткізу бойынша жоспардағы 173-тің орнына 218,5 шақырымдық инженерлік желілері тартылып, жоспарлы жұмыс ауқымы 127 пайызға асыра орындалды.


«Сыбағадан» құр қалған жоқсың ба, ағайын?..

Күні: , 898 рет оқылды


 Газетіміздің өткен нөмірінде («Орал өңірі» 2015 жыл, 19 ақпан, №21) етті, сүтті бағыттағы жылқы шаруашылығын өркендетуге бағытталған «Құлан» бағдарламасы жайлы егжей-тегжей баяндалған мақала жарияланды. Бағдарлама туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының директоры Ерлан Нысанғалиев әңгімелеген еді. Енді бүгін филиал директоры оқырмандарымыздың сұрауы бойынша «Сыбаға» бағдарламасын тілге тиек етеді. Ол не үшін қажет болды, түпкі мақсаты нені көздейді, кімдерге тиесілі, қалай алуға болады. Нендей жеңілдіктері бар, қайтару мерзімінің талаптары қандай? деген сауалдардың тінін Ерлан Нысанғалиев былайша тарқатады:


 — Әңгіменің басында «Сыбаға» бағдарламасы 2011 жылы өмірімізге ене бастағанда, оған үрке қарағандар да болғанын айта кеткен артық болмас. Ол кезде оның беру тәртібінде, пайыздық ставкасында, кепілдік талабында қазіргісінен біраз айырмашылық болды. Бірақ соған қарамастан сол кезде тәуекел еткендердің бүгінде қорасы малға толғандары баршылық. Сол жылдарда «Орал өңірі» газеті бағдарламаның пайдалы жақтарын түсіндіруде біраз материалдар берді. «Ауылдағы ағайын, «Сыбағадан» құр қалма!..» — деп жазылған бір мақала әлі күнге дейін есімде. Енді жаңа жоғарыда айтып өттім ғой, «Сыбаға» пайда болғаннан бері біраз уақыт өтті, соған орай оның беру, қайтару талаптарында, жеңілдіктеріне қатысты біраз өзгерістер енгізілді. Несиенің берілетін мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды.


Жаңа нарыққа ЖОЛ АШЫЛУДА

Күні: , 839 рет оқылды


 Еліміздің біраз өңірінде нысандарды жобалау және құрылыс саласында нәтижелі еңбек етіп келе жатқан көпбейінді «KazConstructionGroup» ЖШС полиэтиленді тұрбалар шығару жобасында сәтті жүзеге асыруда.


Кәсіпорында «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған жылы-ақ жоғары қысымға шыдамды полиэтилен құбырын шығаратын өндіріс зауыты іске қосылды. Осы өндіріс ошағының іске қосылуы нәтижесінде 35 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл жерде диаметрі 20-1200 мм болатын, 25 атмосфералық қысымда жылына 11 мың тоннадан астам құбыр шығарып, олар өзіміздің өңірді айтпағанда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарына жөнелтіледі.


Ассамблеяның үндеуін қолдауда

Күні: , 939 рет оқылды


Орал қаласындағы «Стекло-Сервис» ЖШС-ның еңбек ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президенті сайлауын өткізу туралы бастамасын бірауыздан қолдау жөнінде жиналыс өткізіп, қаулы қабылдады.


Стекло-Сервис» компаниясы — әйнек және әйнек өнімдерін шығарып, ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген отандық өндірісшілердің бірі. Бастамада тек әйнек кесумен шұғылданған шағын цех мемлекеттік қолдау-көмектің арқасында өнім түрлерін молайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды өндіріске енгізді. Қазір мұнда жарық диодты көпқабатты, флоат, термооқшаулағыш және өзге де әйнек түрлері өндіріледі.

Кәсіпорын цехында өткен жиналыста сөзді алдымен компанияның директоры Аркадий Рубцов алды.


«Айтажағым кетпесін!..»

Күні: , 151 рет оқылды

Абугали Жубаев


Нұрболат Жұбаевпен редакцияда әңгімелесіп отырмыз. Ақпан айының алғашқы күндері еді. Бұйыртса, енді бір үш айдан кейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланбақшы. Нұрболат сол Жеңіске бір адамдай үлес  қосқан, қосып қана қоймай, соғысқа бір аяғын беріп оралған әкесі туралы баяндағалы келген. Бұған дейін кездесуімізді телефонмен «пісіріп» алған едік. «Әкеңіз туралы бұрын еш жерде жазылмап па еді?» — деймін мен. «Жазылды. Әкем соғыстан аман-есен келгенімен, тірілердің санатында болмапты.



«Шымкентке барып, «Танк» атанғаным бар»

Күні: , 820 рет оқылды


 Мейрам САПАНОВ  –  «Ақжайық» футбол командасының капитаны


Амплуа: орталық қорғаушы (№10)

Туған күні: 12 наурыз

Туған жылы: 1986 жыл

Руы: Алаша

Нағашы жұрты: Тана

Жұлдызы: балық


28 мәрте ТОП ЖАРҒАН АРУ

Күні: , 843 рет оқылды


Әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарда олжа алып, ел намысын қорғап жүрген саңлақтардың көпшілігі ауылдан шығатыны белгілі. Осындай қаракөздеріміздің бірі – Белес орта мектебінің 8-сынып оқушысы Аида Имаканова.


Жеті жасынан спорттың каратэ түрімен шұғылданған Аида, ата-анасы мен тәлімгерінің үмітін ақтап, алдымен аудандық, кейін облыстық, республикалық жарыстарда талай мәрте жүлделі орындарға ие болды. Осы уақытқа дейін 28 мәрте чемпион болып үлгерген ол 8 рет екінші, 5 қайтара үшінші жүлделі орын иеленген. Сайыс сайын құр қол қайтпай, спорт шеберлігінен үміткер атанып үлгерген Аида бүгінде қара белдіктің І дан иегері.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика