Мұрағат: 24.02.2015


«Жаңару» жемқорлықпен күреседі

Күні: , 187 рет оқылды


 Жуырда «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының отырысы өтті.


 Жиынды жүргізген филиал төрағасы Ақсерік Әйтімов таяуда Астана қаласында республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны өткенін айтып, республикалық қоғамдық бірлестік тарапынан батысқазақстандық филиалдың жұмысы оң бағаланғанын жеткізді. Өз кезегінде сөз алған филиал төрағасының орынбасары А. Кәрібаева 2015 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырды. – Филиалды құру барысында қоғамда белең алған індетпен күресе отырып, бұл жұмыстарға азаматтық қоғам өкілдерін тартуды көздедік. Содан бері біраз жұмыс тындырылды, — деді ол.


«Айтажағым кетпесін!..»

Күні: , 904 рет оқылды

Нұрболат Жұбаевпен редакцияда әңгімелесіп отырмыз. Ақпан айының алғашқы күндері еді. Бұйыртса, енді бір үш айдан кейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланбақшы. Нұрболат сол Жеңіске бір адамдай үлес  қосқан, қосып қана қоймай, соғысқа бір аяғын беріп оралған әкесі туралы баяндағалы келген. Бұған дейін кездесуімізді телефонмен «пісіріп» алған едік. «Әкеңіз туралы бұрын еш жерде жазылмап па еді?» — деймін мен. «Жазылды. Әкем соғыстан аман-есен келгенімен, тірілердің санатында болмапты.


Ескерусіз қалған жауынгер

Күні: , 926 рет оқылды

(Қаратөбе өңірінен шыққан ержүрек майдангер, жауынгерлік «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» орендерінің иегері Қайырғали Төралиев туралы)

Екінші дүниежүзілік соғыста ел басына қатер төнген сәтте қолына қару алып, ел мен жерді неміс басқыншыларынан азат етуде қаратөбелік майдангерлердің көрсеткен ерлігі де еш ұмытылмақ емес. Әйтсе де бүгінгі өскелең ұрпақтың көбісі жауынгерлік «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» ордендерінің иегері, Қаратөбе өңірінен шыққан майдангер Қайырғали Төралиевті біле бермеуі әбден мүмкін. Өйткені  бұған дейінгі аралықта жауынгер өткен майдан шебіндегі ерлік жолдары көп айтыла бермеген.

Науқан молда

Күні: , 3 126 рет оқылды


 (Соңы. Басы газеттің №4 санында)

— Өз өміріңіз жайлы айтыңызшы?


— Мен Каспий теңізінің Ысығымын. Мырза, бай Көбектің ұрпағы екенімді айттым. Әкем бәленбай жыл сардар болған кісі. Сардар — болыс деген сөз. Нағашым Өтесшаншар Дүйсенбаев кешегі заманда қазақ уәлаятында болмаған атақты миллионшы, ірі бай болған. Оны миллионер деп атап жүрді. Москва, Ленинград, Қазанда кеше көп дүниялары кетті. Орынборда да былғары зауыты бар еді. Бәрі де төңкерісте үкіметке кетті. Өтесшаншар дейтін Дүйсенбінің баласы. Бұл өңірдің, осы Кіші жүздің анау Қызылқоға, мына жағы Ойыл, Ойылдың қаласын Көкжар дейді, осы аралардың бәрінде Дүйсенбаевтың дүкені болған. Нағашымның руы Қалқаман Тана. Қалқаман – қыдыр дарыған кісі. Қалқаман көп. Басқа Тананың алтауындай. Олар арғы бетте де, бергі бетте де бар.


Ту табыс етілді

Күні: , 850 рет оқылды


Өткен жексенбіде Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімінде 1941 жылдың 15 желтоқсанында Ақмола (бүгінгі Астана) қаласында жасақталған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бөлімшенің сардар-сарбаздары мен соғыс ардагерлері қатысқан шарада облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сөз сөйледі.


Аталмыш дивизия қазақ жерінде жасақталғаннан кейін, қан майданға аттанып, Сталинград пен Курск иініндегі шайқастарға қатысып, әрі қарай Украина, Молдавия, Румыния және басқа елдерді азат етуге лайықты үлесін қосты. Соғысты Чехияның астанасы Прагада аяқтады.


Салықты уақтылы төлемегендер 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЗИЯН КЕЛТІРГЕН

Күні: , 841 рет оқылды


 Жақында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде экономикалық тергеу қызметі тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.


Жиынды жүргізген аталмыш департамент басшысының орынбасары Жасұлан Мекебаев бұрынғы салық және кедендік бақылау комитеттерін біріктіріп отырған мекеменің жұмыс ауқымы бұрынғыдан әлдеқайда ұлғайғанын айтып, департаментке қарасты экономикалық тергеу жүргізу қызметінің маңызына тоқталды. Оның сөзінше, экономикалық тергеу жүргізу қызметі — мемлекеттік кірістер департаменті құрамындағы ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылым. Бұл бөлімнің негізгі қызметі көлеңкелі экономика, салық, кеден және қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтап, оның жолын кесу және бюджет түсімінің артуына ықпал жасауға бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін мекеме қызметкерлері Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика