Мұрағат: 21.02.2015


Имамдардың тұңғыш форумы

Күні: , 3 941 рет оқылды


Астанада 19 ақпан күні тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаев форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатында аталмыш форум діндегі тұрақтылықты сақтауда, имамдардың беделін көтеруде, муфтияттың жұмысын дамытуға тың серпін беретінін айта келіп, дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу мен жас ұрпақты теріс ағымдардан қорғауда имамдардан белсенділік күтетінін айтты.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумға еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары, сонымен қатар Ресей және алысжақын шетелдегі мүфтияттардың имамдары, православтық шіркеулердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері және белгілі қоғам  қайраткерлері  қатысты.

Форумда бас мүфти Ержан Малғажыұлы ҚМДБ-ның осы күнге дейінгі және болашақта атқарар жұмыстары туралы айтып, ислам дінінің бейбітшілік пен келісімді қолдайтынына баса назар аударды. Форумда «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» туралы аса құнды құжаттар қабылданды.


Тәуелсіздік тарту еткен татулық

Күні: , 817 рет оқылды


Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай Орал қаласының делегациясы Зеленов ауданында болып, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасын салтанатты түрде табыстады.


Зеленов ауданының жұртшылығы Орал қаласынан келген делегацияны Переметный ауылының кіреберісінен қарсылап алып, қонақжайлылықтың үлгісін көрсетті. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен делегация мүшелері алдымен Қ. Аманжолов атындағы орта мектепте болып, Орал қаласындағы №37 орта мектебімен бірлесіп онлайн режимінде өтіп жатқан «Тәуелсіздік тарту еткен татулық» атты ашық тәрбие сағатына қатысты. Әлем тілдерінде сөздерін түйіндеген 11-сынып оқушылары «көпұлтты еліміздің басты құн-дылығы — татулық» екенін тілге тиек етті. Содан кейін білім ошағын аралаған қонақтар мектеп мұражайы, «Парасат» достық клубында болып, оқушылардың өнерін тамашалады. Өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер қонақтарға, хатқа түйіп жазылып, ақ көгершін қанатына ілінген әдемі тілектерін тарту етті. Қолдарына бір-бір ақ көгершіннен тиген қонақтар «періште тілек жазылған хаттарды үйде оқимыз» деп мәре-сәре болысты. 350 балаға арналған білім ошағында орыс, татар және өзге де ұлттың балалары білім алып жүр.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика