Мұрағат: 19.02.2015


«Құланның» несиесін ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Күні: , 842 рет оқылды


 Мемлекет ауыл шаруашылығын, ауылдағы мал мен егіншілікті өркендеткісі келген шаруаны жан-жақты сүйемелдеуді соңғы жылдары одан әрі күшейте түсті. Оған осы саланы қолдап, шаруасын аяғынан тұрғызып жіберу үшін ауылға қарай бағытталып жатқан түрлі бағдарламалар дәлел. Біз бүгін солардың ішінен «Құлан» бағдарламасы жайлы әңгімелеп бермекшіміз. Ол үшін облысымыздағы осы бағдарламалардың басы-қасында жүрген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының директоры Ерлан Нысанғалиевті әңгімеге тарттық.


 — Ерлан Беркінұлы, «Құлан» бағдарламасының түпкі мақсаты, оның аясында несие не үшін беріледі, ең әуелі соны түсіндіріп берсеңіз?

— «Құлан» өзінің атынан көрініп тұрғанындай, Қамбар ата түлігіне бағытталған. Нарықтық қатынастың жаңа басталып, аласапыран соққан кезде жылқы жарықтыққа да оңай болған жоқ, кәдімгідей азайып кеткені жасырын емес. «Құлан» бағдарламасы, ең алдымен, сол ойсыраған түліктің санын орнына келтіріп, оны одан әрі көбейтуді ең басты мақсаты етіп қойған. Біз әңгімелеп отырған «Құланның» несиесі, ең алдымен, етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар басын арттыру үшін беріледі.


«Шейіт болғанын» БІЛМЕЙ КЕТТІ…

Күні: , 851 рет оқылды

Сабаз Арыстанов – Ұлы Отан соғысына қатысып, жауды өз ұясында талқандап, елге жеңіспен оралған жерлестеріміздің бірі. Бірақ ол 1943 жылы Смоленск түбінде қаза тапқандардың санатына іліккен. Майдан даласында шейіт болғанын өзі де, зайыбы да білмей кетті. Бұл деректі таяуда қыздары анықтапты.

 

Сайлау өткізу – өзекті мәселе

Күні: , 179 рет оқылды


 Сейсенбі күні Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея жанындағы «Дос» қоғамдық қорының төрайымы Вера Шохина баспасөз мәслихатын өткізді.


 — Ассамблея кеңесінде айтылған Елбасы сайлауын өткізу ұсынысын бірден қолдадым. Әрине, сұрақтар көп болады. Елбасы мен Парламент сайлауын бір жылда өткізу бюджетке оңай тимесі анық. Себебі сарапшылардың айтуынша, әлемдік экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі 2016 жылға дөп келмек.

Елбасының саясаты арқасында еліміз әлемге бейбітшілік пен достықтың, тұрақтылық пен ынтымақтың үлгісі болып келеді. Ассамблеяның барлық сессияларына қатысып келемін. Оған қатысқан шетелдік сарапшылардың пікірінен Елбасының әлемдік барлық қауымдастықты мойындатқанын ұқтым.


Жолдау биіктерге бастайды

Күні: , 891 рет оқылды


 Елбасымыз  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім жүйесіне ерекше көңіл бөлгенін айта кеткен жөн.


Еліміздегі білім жүйесінің алдында тұрған басты мақсат халқымыздың тәрбиесі мен әлемдік озық тәжірибеге негізделген тұлғаның жеке дамуын нұсқайтын әлемдік білім кеңістігінің шыңын бағындыру болып табылады. Жолдаудың «Нұрлы жол» деген атауының өзі біздің елді нұрлы болашаққа бастайтын құжат деп қабылдауымызға болады. Жолдауда мектептерді жөндеуге және жаңалауға, Астанадан тарам-тарам жолдардың басталуы жүректен шыққан тамырларының бейнесіндей. Сондықтан бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сеніміміз зор.


Ынтымақты еңбек ырысымызды МОЛАЙТТЫ

Күні: , 890 рет оқылды


Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының үлкен залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындар алдында өткен жылы өңірімізде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, Энергетика министрі Владимир Школьник, ұлттық компания жетекшілері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан, ауыл әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері қатысты.


Есептік кездесу бейнефильммен басталып, онда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды. Содан соң мінберге көтерілген өңір басшысы мұндай кездесу Елбасының Жарлығына сәйкес, 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқанын, онда ауыл, аудан, облыс әкімдерінің жыл бойы атқарған, болашақта қолға алатын ісшаралары жөнінде баяндайтынын айтты. Осындай есептік кездесулер кезінде тұрғындардан түскен өтініштілектің бәрі ескеріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарына енгізіледі. Әкім бүгінгі таңда қолжетіп отырған жетістік өткен жылдары басталған жұмыстардың жемісі екенін жеткізді. Бұл, сөз жоқ, қоғамдық келісімнің, ұлтаралық, конфессияаралық татулықтың және саяси тұрақтылықтың арқасында жүзеге асуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалар ойдағыдай орындалып жатыр. Соның арқасында облысымыздың, еліміздің экономикасы ілгерілеуде.


Туған елім – ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Күні: , 853 рет оқылды


Балдәурен балалық шағымның естеліктерінде – Бөрлі ауылының тұрғыны, өзі еңкейген кәріден бастап еңбектеген сәбиге дейін тілін таба білетін фотограф Вальтер ағайдың бейнесі анық сақталған.


Вальтер ағай өзінің «Зенит» фотоаппаратымен «қаруланып», ауылдың қара домалақ балаларын, сыйлы азаматтарын, жерлестерінің тұрмыс-тіршілігін фотоға түсіріп, баршамызға шексіз қуаныш сыйлайтын еді. Тек өзі ғана емес, өзгенің де бақытты, қуанышты болуын тілейтін жаны жомарт, неміс халқының ұлы – Дитман Вальтер Гергардовичтің өмірі мен тағдыры, көрген-білгені туралы сол кезде балалықпен сұрап-білуді де ойламаппыз. Арада жиырма жылдай уақыт өткен соң тағдыр мені осы ғажап адамға тағы бір жолықтырды.


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА: «Жұмыссыздарды көбейтпеуге әлеуетіміз жетеді»

Күні: , 945 рет оқылды


Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен «2015 жылы әлеуметтік кепілдіктерді және жұмыспен қамту деңгейін сақтау туралы» тақырыбында брифинг өтті.


Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау үшін, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға бағытталған шараларды үйлестіру үшін Үкімет мынадай іс-әрекеттер алгоритмін әзірлегенін хабарлады.

Бірінші. Өндірістердің тоқтауына жол бермеу және жұмысшыны жұмыстан шығаруды болдырмау. Бұл бағыт бойынша өңір әкімдерімен бірлесіп ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілетін болады. Жылдың басында 161 мың адам жұмыс істейтін 114 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Осы жылдың ақпан айында Үкімет мүшелері өңірлерге барып, ірі компаниялардың басшыларымен, кәсіподақтармен және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кездесті. Сол жұмыс сапарларында 102 меморандумға қол қойылды, бұл 259 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда барлығы шамамен осындай 19 мыңдай меморандумға қол қойылып, 1,2 миллионнан астам адамды қамтыды. Бұл еліміздегі жұмыс істейтін тұрғындардың 14%-ын құрайды.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика