Мұрағат: 17.02.2015


Талап та азайды, тексеріс те қысқарды…

Күні: , 842 рет оқылды


Облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес өкілдері үшін «Барлығы  тексерулер туралы» атты айлық ұйымдастырды.


 Жақында осы айлық аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, дөңгелек үстел өткізді. Бұған аталған сала мамандары мен ірі сауда үйлерінің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мағрипа Нығышева жүргізіп, «ҚР кәсіпкерлік қызмет шарттарын түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгенін айтты. Аталмыш заң аясында еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында барынша қолайлы мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Бұл ретте 2015 жылдың сәуір айына дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдістемесі әзірленіп жатқанын айта кетуіміз керек.


Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің ҮНДЕУІ

Күні: , 147 рет оқылды


Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа  деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз.


Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.


Елдікті асқақтатар ЕЛТАҢБА АВТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 156 рет оқылды


Өткен сенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірімізге келген тәуелсіз Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады.


– Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткен жылдары қабылданған мемлекеттік рәміздер қазіргі таңда өскелең ұрпақтың жалпы қазақстандықтардың болашаққа сенімін нығайтып, тәуелсіздік рухын  асқақтатуға үлкен қызмет атқаруда. Еліміздің Елтаңбасын бекітуге Шота ағамыз екеуіңіз зор еңбек сіңірдіңіздер. Бүгінгі Елтаңбамызда халқымыздың тарихы, болмысы мен болашағы шебер суреттелген. Солардың бәрін қамтуға ұшқыр қиял, өткір ой, зор тәжірибе қажет екенін жақсы түсінеміз. Мемлекеттік рәміздер әр елдің төлқұжаты іспеттес. Шет мемлекеттерде өтетін үлкен жиындарда  немесе спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, көк Туымыз желбіреп, Әнұран шырқалғанда, жүрегі тебіренбейтін жан жоқ шығар. Тәуелсіз Қазақстан халқының ортақ мұрат-мақсатын, арман-тілегін Отанымыздың Елтаңбасы арқылы паш еткен сізге ел-жұрттың алғысы шексіз деп ойлаймын, – деді өз сөзінде қонақтарға облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика