Мұрағат: 12.02.2015


Пікірлер еркін АЙТЫЛҒАН ЖИЫН

Күні: , 938 рет оқылды


 Сырым ауданындағы өзекті мәселенің бірі электр желісіне қатысты. Желілердің тозуына байланысты ауданда жарық жиі өшеді. Бүгінде аудандағы 1034 шақырымдық электр желілерінің 878 шақырымы күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл осы мәселеге жете көңіл бөлінбекші. Бұл жөнінде аудан әкімі Абат Шыныбеков тұрғындар алдындағы есебінде баяндады.


Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар қатысқан жиын ауданда былтыр қолға алынған, атқарылған жұмыстар жөніндегі бейнефильммен басталды. Сонан соң Абат Шыныбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен алда тұрған міндеттері жөнінде есеп берді. «Өткен жылғы есеп беру кездесулерінде көтерілген өзекті мәселелер бойынша жасақталған іс-шаралар жоспарына 41 мәселе енгізіліп, жыл аяғына 32 мәселенің оң шешімін табуына қол жеткіздік. Ал жолдарды, бөгеттерді, электр желілерін жөндеу және техникалық су тарту, интернет желісіне қосу, ұялы байланыс мәселелерінің орындалуы бақылауға қойылды, — деді


Халықпен тіл табыса білгеннің ЕҢБЕГІ ЖАНАДЫ

Күні: , 851 рет оқылды


Қаратөбенің экономикасы жүйелі түрде дамып келеді.


Жол салынды, су мен газ келді. Мал басы артып, кәсіпкерлік дамып, жұмыссыздық азаюда. Енді мәдениет саласына жете көңіл бөлу керек. Мұхитты, Ғарифолланы, Ескендірді дүниеге келтірген бұл ауданда қазір аталмыш сала, соның ішінде өнер кенжелеп тұр. Бұған жете мән беру қажет. Бұл жөнінде Қаратөбе ауданы әкімінің есебі кезінде облыс басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.


Тасқалада тың жобалар ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Күні: , 840 рет оқылды


Дүйсенбі күні Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев өткен жылдың қорытындысы жөнінде тұрғындар алдында есеп берді.


Бұл жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мекеме-кәсіпорын өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысының баяндамасында көрсетілгеніндей, Тасқалада кәсіпкерлік жыл өткен сайын қанат жайып келеді. Мәселен, шағын бизнес субъектілерінің саны 2013 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артып, 882-ні құрады.  Олар 710,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетіп, бюджетке 48,4 млн. теңге салық төледі. Бұл салада жұмыс істейтін адамдардың саны 1835 адамға жетті. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Төрт түлікте және құс санында айтарлықтай өсім бар.


Жыл ішінде 600 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 811 рет оқылды


 Әкімдердің есептік кездесуі — еткен еңбектің, төккен тердің нәтижесін түйіндейтін жиын. Билік пен халық арасындағы ашық диалог ашықтықты, түсіністікті қамтамасыз етіп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» жұмыс істеп, табысқа жетуге бастайды. Жыл бойы атқарылған жұмыстар түйінделіп, алда атқарылар шаралар пысықталған кездесу апта басында Зеленов ауданында да өтті.


Есептік кездесуге байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар ауданға арнайы келді. Облыс әкімінің  сапары Зеленый ауылынан басталды. Өткен жылдың соңында халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория тәулігіне 35 адамға дейін қызмет көрсете алады. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 102 млн. теңге бөлінген еді.

— Сапалы салынған дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Зеленый мен Егіндібұлақ ауылдарының тұрғындары ұзақ жыл бойы бейімделген ғимаратта ем алып келсе, мұнда кешенді тексеруден өткізу мүмкіндігі мүлдем басқа. Арнайы зертханалар, стоматология, күндізгі стационар, жедел әрі дәл диагностика жасау кабинеті, туберкулез ауруынан емдеу, анализ алу кабинетін қамтыған ғимарат өз кезегінде жұмыс тиімділігін арттырады. Дәрігер мамандарға халық денсаулығына қалтқысыз қызмет етуге барлық жағдай жасалды, — дейді амбулаторияның бас дәрігері Орынбасар Аханов.


Галокамера КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛТАДЫ

Күні: , 880 рет оқылды


 Аудандық ауруханадағы сауықтыру орталығы жанынан галокамера, яғни  тұзды шахтамен емдеу бөлме-сі іске қосылды.


Онда тыныс алу жолдары мен  қан айналымы реттеліп, ағзадағы шлактар шығарылады, сөйтіп, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге галокамералар тері ауруларын да емдейді. Ол тері жасушаларына қанның келуін қамтамасыз етіп, оттегі алмасуын реттейді. Қолдан жасалған тұзды үңгір атмосферасы күнделікті күйбең тірлікті ұмыттырып, рухтандырады. Мұндағы жасырын лампа жарықтары, қызықты дизайн, ыңғайлы кресло және тұзды аэрозольды микроклимат адамды тыныштандырып, күйзеліс пен стрестен арылтады.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика