Мұрағат: 05.02.2015


Мүгедек балалардың ЫРЫЗДЫҒЫНА ҚОЛ САЛҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Күні: , 905 рет оқылды


Облыстық прокуратура 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тілшілерге арнап баспасөз брифингін өткізді.


Жиында сөз алған облыс прокурорының орынбасарлары, аға әділет кеңесшілері Әспенби Жарылғасов пен Халидулла Дәуешов былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама жасады.

— Қылмыспен күресті ұйымдастыру барысында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына назар аударылды. 94 жасырын қылмыс, соның ішінде 14-і ауыр санатты, ауырлығы төмен құрамы бойынша негізсіз қылмыс санатының 62 фактісі ашылды. Ауыр қылмысты есепке алуды жасырғаны үшін Зеленов ауданы АІІБ басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Маштаков және учаскелік инспектор Кожевников сотталды. Тәртіптік жазаға қылмыстық қудалау органдарының 163 лауазымдық тұл-ғасы тартылды.


Жасырылған ҚЫЛМЫС АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 140 рет оқылды


 Биылғы 21 қаңтарда Шыңғырлау ауданы прокуратурасына Полтава ауылында тұратын К. Чигирев жүгінді.


 БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол өткен жылдың наурыз, мамыр және желтоқсан айында үйінің есігі бұзылып, тауар-материалдық құндылықтардың ұрланғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторына бірнеше рет хабарлағанымен, еш нәтиже шықпаған, өтініші тіркелмеген. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана материалдар тіркеліп, сотқа дейінгі өндіріс аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Қылмысты есептен жасыру фактісі бойынша ішкі істер бөлімі қызметкеріне қатысты материал сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне жолданды.


Қарымды қайраткер

Күні: , 851 рет оқылды


 Шапет  Қоспановтың  өмірге  келгеніне  100  жыл Шапет Қоспанұлы 1914 жылғы 5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданындағы Шақат ауылында туған.


Әкесі орта шаруа болған. Ауыл мектебінде, кейін ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1932 жылы Алматыдағы мал шаруашылығы институтына түсіп, оны 1936 жылы ойдағыдай аяқтағаннан кейін 23 жыл бойы өзінің алған мамандығы бойынша қызмет істеген. Санжар, Преснов совхоздарында аға зоотехник, 1939 жылдан 1951 жылға дейін Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола совхоз трестерінің бас зоотехнигі, 1951 жылдан 1959 жылға дейін Совхоздар министрлігінің мал шаруашылығы басқармасының бастығы болған.


400 миллион теңге ӨНДІРІЛДІ

Күні: , 838 рет оқылды


 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және олардың заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту — облыстық кәсіпкерлер палатасының қызмет бағыттарының бірі. Осы міндет-миссияны орындау мақсатында палата жанынан кәсіпкерлердің құқығын  қорғау жөнінде кеңес құрылған. Кеңес төрағасы Қайдар Қапановтың айтуынша, кеңес құрамына облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Сәтбаев, Орал қалалық мәслихатының депутаты Аққали Әубекеров, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі қауымдастығының директорлар кеңесінің төрайымы Әлия Сәлиева және бірқатар заңгер мамандар жаңадан енгізілген.


Кәсіпкерлер палатасы дирек-торының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары Нұржан Мақсотовтың айтуынша, жыл басынан бері кеңес отырыстарында кәсіпкерлердің өтініштеріне байланысты салықтық тексерістерді өткізу мерзімінің бұзылуы, табиғи газды тұтынғаны үшін алдын ала 100 пайыздық төлемді талап ету, жер телімдерін бөлу, жерді пайдалану мақсаттарын өзгерту, мемлекеттік сатып алу үрдістері кезінде орын алатын олқылықтарға қатысты 11 мәселе қаралып, талқыланған. Сөйтіп, 80-нен астам кәсіпкердің  түйінді мәселені шешуге көмек сұраған арызы оң шешілген.  «Өткен жылдың өзінде палатаға кәсіпкерлерден 296 арыз-шағым түсті, соның 112-сі оң шешілсе, 7 арыз қаралуда. Кеңес-тің кәсіпкерлер құқығын қорғау жұмыстарының нәтижесінде кәсіпкерлер пайдасына 400 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді немесе кері қайтарылды», — деді Н. Мақсотов кезекті кеңес отырысында.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика