Мұрағат: 03.02.2015


Жалтарғандар жазаланады!

Күні: , 855 рет оқылды


 Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, жылына екі рет – көктем және күз мезгілінде жүргізіледі. Қарулы Күштерді жасақтау үшін әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы әскери борышын өтеуден босатылмаған азаматтар шақырылады.


 Осындай науқан кезінде біз түрлі жағдайларға куә болып жатамыз. Адамдар әр түрлі, мысалы, біреулер әскери қызметте болғанды жақсы көрсе, екінші біреулер әскери борышын өтеуге асыға қоймайды. Отан алдындағы парызын өтемеу әдетте заңбұзушылық болып есептеледі, сондықтан құқықбұзушылықтың бұл түріне жаза қолданылады. Енді әскер қатарына барудан қашқақтағандардың жазасы қандай, соған тоқталайық. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағи-даларын бекіту туралы» 2012 жылдың 15 мамырындағы №620 Үкімет қаулысының 12-тармағына сәйкес, әскерге шақырылған азаматтар қалалық әскерге шақыру комиссиясына еш себепсіз келмеген жағдайда шақырту қағазын жеке өз қолына тапсыру мүмкін болмағанын айтып, оларды іздестіру үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Орал қаласының ішкі істер басқармасына хабарлайды.


9874 борышкерге ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛҒАН

Күні: , 833 рет оқылды


 Жақында облыстық әділет департаментінің қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдерінің басын қосып, оларды өткен жылғы жұмыс қорытындыларымен таныстырды.


Жиынға департамент басшысының орынбасарлары Хамидолла Құсдәулетов, Светлана Батырханова, Күнсәуле Аралбекова және бөлім басшылары қатысты. Жиынды  Хамидолла Мұхитұлы жүргізіп, әр бөлімнің жылдық қорытындысын тыңдау үшін бөлім басшыларына сөз берді.

Алғаш сөйлеген азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлжамал Ғұбайдоллақызы 2014 жылы облыс бойынша тіркелген акт жазбаларының жалпы саны 28 198-ді құрайтынын және бұл көрсеткіштің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға азайғанын айтты. Оның сөзінше, неке қию туралы акт жазбасы 2013 жылы 6345 болса, былтыр 5 770 жұп некелерін қидырыпты. Бұған керісінше, түрлі себептерге байланысты некелерін бұзғандар да жетіп артылады екен.


«Сыбағадан» – 3,8 МЛРД. ТЕҢГЕ НЕСИЕ

Күні: , 894 рет оқылды


Батыс Қазақстан облысында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 380 шаруа қожалығы 3,8 млрд. теңге несие алды.


БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, олар осы қаржыға 19,7 мың бас сиыр және 809 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Өңірде етті бағыттағы ірі қараны ұстап, өнімді экспортқа шығаруға баса көңіл бөлініп келеді. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы іске қосылғаннан бері облысқа 1648 бас шетелдік асыл тұқымды мал әкелінді. 2012 жылдан бері 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылды, қазіргі таңда 18,9 мың бас ірі қараға арналған 51 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Бұдан бұрын 9,6 мың басқа арналған екі бордақылау кешені (Зеленов ауданында 8640 басқа арналған «Кроун Батыс» ЖШС, Жәнібекте 1 мың басқа арналған «Әлем» ЖШС) жұмыс жасаса, өткен жылы үш бірдей шаруашылық 1600 басқа арналған кешендерді салып бітірді. Бұған қоса тағы үш шаруашылық 1700 басқа арналған бордақылау кешендері құрылысын жүргізуде.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика