Мұрағат: Февраль, 2015


Демеуқаржыны игеру керек

Күні: , 817 рет оқылды


 Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен  коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарының жағдайы және олардың өзекті мәселелерін шешу жолдары, Орал қаласы мен аудан орталықтарының айналасында жасыл аймақтарды құру, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің жағдайы  мәселелері тақырыбында кеңес өтті.


 Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжановтың баяндауынша, облыс аумағындағы коммуналдық меншіктегі 27 су қоймасы, 38 канал, 64 бөгет (дамбы), 25  жайылма суару жүйесінің көпшілігі дерлік жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал азығы қорын молайту мақсатында Қалдығайты, Өлеңті лиманды суару жүйелерін қайта қалпына келтіру жобаларының құжаттамалары дайындалуда.


Сағындырған ДОСТАРЫМ

Күні: , 830 рет оқылды


Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала өзі жаратқан пайғамбарларының ішінен ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаны (с.ғ.с-ны) өзіне сүйікті дос әрі елші етіп алыпты.


Міне, осы кезден бастап, адамзат баласы бір-біріне дос болуды қалап, бірін-бірі таңдаған. Жаныңа жақын, өзіңді дұрыс түсінетін, сыйлап, құрметтейтін, өзің жоқ жерде сен жөніндегі біреудің теріс сөзіне араша түсе алатын адамды нағыз дос деуге болады. Жастық өтіп, ақсақал, ата деген атаққа ие болып отырған кезімде, өзімнің жаныма жақын, әрбір санын түгендеп сағынып күтіп алатын «Орал өңірі» мен «Егемен Қазақстан» газеттері менің кеңесшім, ақылдасар досым. Іздегенімді тауып беретін іздеушім. Ішімдегі ойымды тарқатуға жәрдем беретін бірден-бір досым десем, еш артық айтпағаным. Өткен жылы «Орал өңірі» газетінің 7 тамыз күнгі санында жарық көрген журналист Есенжол Қыстаубаев бауырымның «Сағынышқа айналған құрдастарым-ай» деген мақаласын оқып шыққанымда, ұйқыда жатқан ойымды оятып, естелігімді ақтаруға тура келді.


Екінші бесжылдық ИННОВАЦИЯҒА ОРАЙЛАСТЫРЫЛМАҚ

Күні: , 116 рет оқылды


 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасын әртараптандыруға, қазақстандық үлесті арттыруға және шағын бизнестің дамуына серпін бергені белігілі. Бұл бағдарлама шикізат экспортын арттыруға да ықпал етуде. Өткен жылдың соңында Елбасы жалпыұлттық телекөпір барысында ҮИИД бағдарламасының бірінші кезеңін қорытындылап, екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатынын айтқан болатын.


 Бұрын хабарлағанымыздай, Үкімет индустрияландырудың екінші кезеңінде төмендегідей басымдықты салаға жете назар аудармақшы. Оның алғашқысы бағдарламаны жүзеге асыру барысында кешенді тәсілдер қолға алынады. ҮИИД бағдарламасының екінші кезеңі экономиканың теңгерімді құрылымын қалыптастыру және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады. Екіншіден, Дүние-жүзілік банк және Азия даму банкі сынды халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, басымдық тек салаларды ғана емес, сонымен бірге экспорт барысында тауарлар мен қызметтер номенклатурасын да әртараптандыруға беріледі.


Ынтымақтың негізі – ДОСТЫҚ

Күні: , 139 рет оқылды


 Бейсенбі күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Достық» клубының мүшелерін ұлықтау рәсімі болып өтті. Оған аталмыш жоғары оқу орнының оқытушылары мен ғалымдары, студенттер мен шақырулы қонақтар қатысты. Шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысып, сөз сөйледі.


Салтанатты жиынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры, ғылым кандидаты, профессор Нұрлан Серғалиев ашып, қыс-қаша сөз сөйледі. Біздің қазіргі басты байлығымыз — бірлік пен ынтымақ. Қазір біздің университетте сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдері оқып, білім алуда немесе бірлесіп еңбек етуде. Осыдан екі жылдай бұрын құрылған  клубқа таяуда жас маман Мейрамгүл Сірәлиева жетекшілікке бекітілді. Клубтың мақсаты – осындағы түрлі ұлт жастарының арасында достық пен ынтымақты дамыту, — деді Нұрлан Хабиболлаұлы. Ректор ұлттық киімдерін киген бір топ клуб жастарына мүшелік билет табыс етті.


«Асқақтай бер, Оралым»

Күні: , 891 рет оқылды


 Бейсенбі күні Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Ұлы Жеңіске арналған «70 жылдыққа – 70 ізгілікті іс» акциясы басталды. Шараның алғашқы ізгілікті ісі  мәдениет саласының ардагері, әнші, әуесқой композитор Еділбай Меңдешовтың «Асқақтай бер, Оралым» атты концерті болды.


Жиналған жұрт алдымен ҰОС-ның құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

– Армысыздар, ардақты ағайын! Ұлы Отан соғысының зардабы адамзаттың жадынан кетпейді, ешқашан ұмытылмайды. Сұм соғыстың өрті шарпымаған отбасы жоқ.

Бүгінде оның куәгерлері – арамызда  отырған ақ жаулықты аналарымыз бен ақ шашты аталарымыз. Сондықтан алдымен осы жандарға құрмет көрсетейік. Батысқазақстандықтар Ұлы Жеңісімізге тарту болсын деп «70 жылдыққа – 70 ізгілікті іс» шарасын бастауда. Мұндағы мақсат – әрбір ісімізбен бірлігімізді, тыныштығымызды насихаттау, ардагер-лерге құрмет көрсету. Оның шымылдығын бүгін Ақжайық ауданы ашқалы отыр. Осы өңірде өзінің өнегелі өмірін халқының өнеріне, мәдениетіне арнаған Еділбай Меңдешов деген ағамыз бар.


Жеңіске арналған кітап

Күні: , 822 рет оқылды


Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жайық Пресс» ЖШС  Жеңістің 70 жылдығына арналған кітап шығармақ. Кітап Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерлігімен ерекше көзге түскен ерлерге, Жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне арналатын болды. Кітапқа жолданған материалдарды іріктегенде бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректерге, осы кезге дейін белгісіз болып келген оқиға, фактілерге басымдық беріледі. Сонымен қатар фактілердің дәлдігі мен дереккөздердің сенімділігіне жіті назар аударылады.


Материалдар «Жайық Пресс» ЖШС мен «Орал өңірі» газеті редакциясының қабылдау бөлмелерінде қабылданады.

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1-үй, Телефондар: 51-30-14; 51-25-80.


Геологтың сексенінші көктемі

Күні: , 809 рет оқылды


 «Оралмұнайгазгеология» АҚ ұжымы Қазақстанның құрметті геологмұнайшысы Рафхат Бахтияровтың 80 жасқа толу мерейтойын атап өтті. Шараға облыс  әкімінің  орынбасары Марат Кәрімов арнайы қатысты.


 Қазталов ауданының Қошанкөл ауылында 1935 жылы 1 наурызда дүниеге келген Рафхат Бахтиярұлы зейнет жасына жеткенше геология саласында қызмет етті. Қызметін қарапайым барлаушы-геологтан бастаған ол көп жыл Орал мұнай барлау экспедициясының бас геологы болып, көптеген кен орындарын ашуға үлес қосты. Солардың  ең  ірісі  –  Қарашығанақ.


Наурыздағы атаулы күндер: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙРАМДАР

Күні: , 1 005 рет оқылды

Наурыздағы атаулы күндер:


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙРАМДАР

3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні;

21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні;


20 жылдыққа АРНАЛҒАН ЖАРЫС

Күні: , 786 рет оқылды


 Жақында қалалық мәдениет және демалыс саябағында БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық санэпидсараптама орталығы, қалалық обаға қарсы стансасы, қалалық дезинфекциялық стансасы арасында шаңғы спортынан жарыс өтті.


Осынау аталмыш ұжым-дарда сан ұлттың өкілдері еңбек етеді. Олар бұл сайысты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнады. Әйелдер арасында 1-орын облыстық санэпид-сараптама орталығының инженері Я. Вивтоненкоға бұйырды, 2-орынды тұтынушылардың құқықтарынын қорғау департаментінің бас маманы Л. Әжіғалиева алды, 3-орында облыстық санэпидсараптама орталығының зертхана меңгерушісі А. Қожахме-това келді. Ерлер ара-сында 1-орынды облыстық санэпидсараптама орталығының директоры К. Қалиев, 2-орын Орал қалалық обаға қарсы стан-сасының маманы А. Жүнісов, 3-орын тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Д. Сәукеновтің қанжы-ғасына бұйырды.


Мырзағали МҰХАМБЕТОВ, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы атқарушы хатшылығының 1996-2003 жылдарғы жетекшісі

Күні: , 807 рет оқылды


 2015 жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге ерекше құрмет көрсететін жыл. Терең тарихымыз дегенде, қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ал құқықтық негізіміз дегенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, берекелі бірлігіміз дегенде, Елбасының Жарлығымен жа-рияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын айтамыз.


 Бұл айтулы мерекелік даталардың қай-қайсысы да мен үшін ерекше. Соның ішінде маған Қазақстан халқы Ассамблеясы мейлінше ыстық. Өйткені мен 1996-2003 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы атқарушы хатшылығының жетекшісі болып қызмет істедім.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика