Мұрағат: Январь, 2015


Бекіремен ұсталды

Күні: , 788 рет оқылды


 БҚО ІІД табиғат қорғау полициясы рейдтік шаралар барысында балық тиелген қос бірдей аутокөлікті тоқтатты.


 Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлі-метке қарағанда, Оралға қарасты Серебряков кенті тұсында даладан Орал қаласының 1984 жылғы Т. деген тұрғыны айдаған, тиіс-ті рұқсатсыз балық тиелген аутокөлік қолға түскен. Тәркіленген қара балықтың салмағы 1200 келі шамасында болып шықты. Сондай-ақ Оралға қарасты Зашаған мен Круглоозерный кенттерінің ортасында тағы да осындай көлік ұсталған. Одан 55 келідей бекіре тұқымдас және 1100 келідей қара балық шыққан.


Төл теңгеміз нығаймақ

Күні: , 816 рет оқылды


 Өткен жылдың соңында ел Үкіметі мен Ұлттық банк экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Онда өткен жылы ел экономикасының дамуы үшін «жағымсыз» әсер еткен Украинадағы саяси жағдайға байланысты әлемдегі экономикалық өсудің әлсіреуі, Ресейдегі өсу қарқынының құлдырауы сықылды сыртқы факторлар атап көрсетілді.


 Осындай жағдайда еліміздегі қаржылық тұрақтылықты сақтау – басты назарда. Ұлттық банк Батыс Қазақстан филиалының директоры Ғалия Сатыбалдинаның айтуынша, еліміздегі қаржылық тұрақтылықты сақтау бағытындағы шараларды Ұлттық банк қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүргізеді. Соның ішінде ұлттық валютаның рөлін арттыру, экономиканы несиелеуді ұлғайту мақсатында банктердің теңгелік өтімділігінің өсуін ынталандыру, банк секторын сауықтыру биылғы қаржы жүйесін реттеу саясатындағы басты мәселелер болып табылады.


Экономикалық қауіпсіздік – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Күні: , 806 рет оқылды

«Нұрлы  жол – болашаққа бастар жол» атты  Елбасының  жаңа Жолдауы – барша қазақстандық үшін  инновациялық  әлеуеті  зор  саяси құжат.


 Отандастарымызға арналған Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен  халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында тың ойлар айтылған. Елбасы өз саясатында орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасын арттыруға қол жеткізуге болатынын қадап айтты. Жолдауда көрсетілген жаңа экономикалық саясат бізді әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосып, мемлекетіміздің қуатын арттырмақ. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік құрылымдардың алдында бизнес-қауымдастығымен өзара әрекеттің жаңа жүйесін қалыптастыру міндеті қойылды. Осыған орай салық қызметіне мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің өзара әрекеттестігін трансформациялау бойынша Елбасы қойған міндеттер, яғни салықтар мен төлемдерді жинаумен қатар бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасай отырып, сыртқы сауда айналымын ынталандыру міндеті қойылды. Ол үшін қажетті теңгерімді қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістердің біртұтас  тиімді  жүйесін  құру  керек болды.


Ойын-сауық отаулары ҚЫЛМЫСТЫҢ ОШАҒЫНА АЙНАЛМАСЫН!

Күні: , 824 рет оқылды


 Жақында Орал қаласы ІІБ мәжіліс залында басқарма басшылары мен учаскелік полиция инспекторлары және мейрамхана басшыларының қатысуымен кеңес өтті.


Онда алғаш сөз алған басқарма басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Дархан Ермұханов қылмыстардың көбі қаладағы көңіл көтеру орындарында жасалатынын тілге тиек етіп, мейрамханалар мен түнгі клубтардың басшыларына бұл жағдайдың алдын алу керектігін қадап айтты. Оның сөзінше, былтырғы тіркелген 6 мың 832 қылмыстың 41 пайызы қоғамдық орындарда орын алған. Тіпті биылғы жылдың алғашқы онкүндігінің өзінде қаладағы мейрамханалар мен түнгі клубтарда бірқатар тәртіпбұзушылық тіркелген. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ол көңіл көтеру орындарының басшыларына тұрғындар демалысын мәдениетті, талапқа сай ұйымдастыру қажет екендігін айтып, өздерінің осы бағыттағы ұсыныс-пікірлерді тыңдауға дайын екенін жеткізді.


Жағдайың қалай, жас ұлан?

Күні: , 272 рет оқылды


 Жанашыр жанның бірауыз жылы сөзі-ақ адам баласының  көңіліне  нұр сеуіп, шапағат  шуағын  шашатыны  айдан  анық.


Жақында Теректі ауданының әкімі  Жеңіс Серікқалиев «Ақжайық» шипажайында демалып, саулықтарын түзеп, әрі білім алып жатқан березовтық шәкірттердің жағдайын сұрай барды.

Күні бүгін мұнда теректілік ұстаздар сабақ беріп, өнерпаздар концерт ұйымдастырып, балаларға барынша қамқорлық көрсетуде. «Жайлы шипажайға орналастырып, барлық жағдайымызды жасап жатқан ағаларға алғысымыз шексіз. Мұнда біздер сабақ оқып, кітапханаға барамыз, теннис те ойнаймыз», – дейді  балалар.


ТАЛАҚ ҚОЛЖАУЛЫҚ БОЛҒАН ҚАРАКӨЗДЕР

Күні: , 849 рет оқылды

03_0

– Атаңа нәлет. Сен не қылмадың… Қараңды батыр, кет!.. Мен сенен талақ! – деді.

– Құдай!.. Құдай!.. не жаздым, Құдай!.. – деп Зейнеп өкіріп жылауға кірісті. Күләмза «әжелеп» келіп алдына тығылды…

Күләмзаны бауырына басып, жылаған күйі бүкшиіп Зейнеп жатып алды.

* * *

Зейнеп ұйықтаған жоқ. Айдарбектің басында отырып, қалың ойға кіргендігін, оқта-санда қиналып, уһлегенін ол сезіп жатыр. Тұрмысты ескі қалпына қайтаруға қарсы еместік ой билеп жатыр. Ашумен айтылған «талақтың» келешек тұрмыстарына қаншалық өзгеріс салатынын болжап біле алмайды. «Талақ» жөніндегі Зейнептің мағлұматы да Айдарбектен аспайды. Сондықтан Айдарбек қандай қиналса, Зейнеп те сондай қиналып жатыр…»

Бейімбет МАЙЛИН, «Талақ» әңгімесінен үзінді


Еуразиялық экономикалық одақ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Күні: , 837 рет оқылды


Осы аптаның сейсенбісінде «Қазақстан – Орал» телеарнасында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Салтанат Қамешева, ҚР Қаржы министрлігі БҚО облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы Сағида Шәкенова Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа енгізілген өзгерістер мен жеңілдіктер туралы жан-жақты түсінік беріп, журналистердің сауалдарына жауап берді.


 — Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты – үш елдің эко-номикалық әлеуетін тиімді пайдаланып, бәсекеге қабілеттілігін нығайту. Сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, — деді БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев. – Кедендік одақ шеңберіндегі өнімдерге қатысты кейбір техникалық регламент талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізуді қамтамасыз ету тұтыну-шылардың құқықтарын қорғау жөніндегі біздің департаментке жүк-телген болатын.


Сарғайған газеттерді САҚТАП КЕЛІПТІ

Күні: , 824 рет оқылды


 Екінші күні ауылдық округтердегі ардагерлерді аралаған аудан басшысы оларға да Елбасының құттықтауын жеткізді.


Сондай-ақ Санжар Жұматайұлы ардагерлердің дастарқанынан дәм татып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылып жатқан жұмыс-тарды тілге тиек етті. Ұрыс даласында етігімен қан кешкен майдангерлердің әңгімесін тыңдады.

Кездесу барысында бізді қызықтырғаны – ардагер Рахым Сүндет-баевтың «Правда» газетінің 1945 жылғы саны мен Зайнуллина Рабиға әженің үйіндегі 1943 жылы жарық көрген «Вечерняя Мос-ква» газеттері болды. Жетпіс жыл бұрынғы сонау сұрапылдан сыр шертетін үнпарақтарды қариялар осы уақытқа дейін сақтап келіпті. Ел басына зор қауіп төнген сол күндерде жақсылықтардың жаршысы болған ескі газеттер от кешкен жандар үшін өте ыстық көрінеді. Дастарқан басында да қолдан-қолға өткен қос газет қонақтардың көңілін тарих қойнауына сапар шектіріп қайтты.


«Поэзия пайғамбары»

Күні: , 815 рет оқылды


Аталмыш шараға ақын-жазушылар, суретшілер, оқытушы-ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты. Мұражай қорындағы жәдігерлер негізінде сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы Қадыр ақынның өмір жолынан деректер келтіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қолдау білдірді.


 – Биылғы Қой жылының алғаш-қы жұмыс күні Қадыр ағамыздың 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлы тұлғамыз-дың туған күнімен басталған Жаңа жыл барлығыңызға берекелі болғай. Өңір басшысының бастамасымен салынып жатқан Қадыр Мырза Әлі орта-лығының құрылысы кешікпей аяқталады. Кеше барлық аудандарда таңғы сағат 11-де «Алмас жырдың алдаспаны» атты тақырыппен Қадыр ағаны еске алу шарасы бас-талған болатын. Осы кештен жастарымыз жақсы әсер алып, қазақ-тың ұлы ақыны Қадыр ағамызды ұлықтап жүреді деген сенімдеміз, — деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика