Тергеушіге — ТӨРТ ЖЫЛ

Күні: , 913 рет оқылды

zakon-300x255


Бөрлі аудандық сотының үкімімен аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы тергеушісі Г.Сакиева ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы мүлкін тәркілеумен бірге ҚР ҚК 74-бабы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.



«Көлікқұмардың»   ақыры

Күні: , 774 рет оқылды

zakon-300x255


15 мамырға қараған түні қаладағы Еуразия даңғылының бойындағы аулалардың бірінен «ВА2108» автокөлігін әлдекім айдап әкеткен.



4 айда 48 сыбайластық қылмыс АШЫЛДЫ

Күні: , 837 рет оқылды

IMG_2810 жемкорлик


Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетілетін «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» және «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік қызметтерінің бағаларының өсіріліп бекітілгені, өзіндік құнына сәйкес келмейтіндігі анықталған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.



Тал түсте мылтық кезеніп…

Күні: , 860 рет оқылды

IMG_0251


Таяуда тәртіп сақшысы Орал қаласында қарақшылық шабуыл жасап,  ізін суытпақшы  болған адаммен бетпе-бет кездесіп, жолын кесуге тырысты. Оқиға былай өрбіген.



Заңбұзушылықтар талқыланды

Күні: , 803 рет оқылды

zakon-300x255


Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңес отырысы өтті. Бұған облыстық прокуратура қызметкерлері, БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті мен БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма өкілдері, сондай-ақ аталмыш кеңес мүшелері қатысты.



«Тұрмыс» шарасы 68 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Күні: , 867 рет оқылды

img_9320


Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінде журналистермен өткен брифингте мәлім болды.


Облыстық ішкі істер дапертаменті әкімшілік полициясы басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Мүслім Жәрдемовтің айтуынша, наурыздың 2-6 күндері аралығында елімізде «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өткен.

Бұл шара отбасылық тұрмыстық жағдайдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық жағдайда құқықбұзушылыққа бейімі бар тұлғаларды анықтап, профилактикалық есепке қою мақсатында  ұйымдастырылған. Шара барысында отбасы тұрмыстық қарым-қатынас жағдайындағы 16 қылмыс, соның ішінде денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салу бойынша 7, соққыға жығу бойынша бір, ата-аналардың кәмелетке  толмағандарды тәрбиелеу міндетін атқармауына қатысты 8 факті анықталыпты.  Шара шеңберінде ауыр қылмыстық оқиғалар тіркелмеген, ішкі істер органдарында есепте тұрған 5 мыңнан астам тұлға тұрғылықты жерлері бойынша тексерілген. 134 адам есепке алынған, 9 «жайсыз» отбасы тіркеуге алынған.


Сым ұрлаған ұзамай ұсталды

Күні: , 804 рет оқылды

sam_3700


Орал қаласының аумағында электр желілерінен сымды ұрлап, қиып алу, оны сату фактілері азаймай отыр. 2014 жылдың 17-29 желтоқсаны аралығында белгісіз біреу Желаев ауылындағы «Арматурщик» саяжай қоғамына қарасты үйлердің электр сымдарын тонаған. Әккі ұры бірнеше метр болатын электр бағанына (бетон баған) қорықпай өрмелеп, ұзындығы 480 метр болатын алюминий сымды жымқырған. Одан келген шығын 57 мың теңгені құрады.


2015 жылғы 30 қаңтарда бұл азамат «дәнденген қарсақ құлағымен ін қазадының» кебін киіп, тағы бір рет әрекет жасап, түнгі сағат 02.00-де саяжайға келеді. Содан күндізгі сағат 12.00-ге дейін дәл осы саяжайда болып, бағана басына еппен өрмелеп шығады. «Еңбегі» еш кетпей, төртке бөлінген, 35 өрімнен тұратын жуан алюминий сымды топырлатып жерге түсіреді. Олжаның ұзындығы – 660 метр, салмағы 35 келіні құрады, сымды сатқанда қалтасы тап-таза 7 мың теңгемен томпайған.


Кәнігі ұры ұсталды

Күні: , 782 рет оқылды

image33382994

Батысқазақстандық сақшылар Орал қаласында аутомобильдердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жымқыруды кәсіп еткен 30 жасар тұрғынды қолға түсірді.


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, аталған кәнігі ұры өткен айда сегіз мәрте осындай қылмысқа барған. Ол түнгі уақытта қаңтарулы тұрған «темір тұлпарлардан» сыпырып алған нөмірлерді сыйақыға қайтаруды мақсат еткен. Бұған аутокөлік иелерінің өз көліктерін қараусыз қалдыруы да себепші болған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді.


Бір тәулікте 10 ұрлық, 5 АЛАЯҚТЫҚ ТІРКЕЛДІ

Күні: , 840 рет оқылды

media146256


Көктем шыға, шамасы, алаяқтар мен ұрылардың да белсенділігі артатынға ұқсайды. Бұл сөзімізге Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мына мәлімет дәлел: биылғы 9 наурыздан 10 наурызға қараған бір тәулік ішінде Орал қаласы бойынша 10 ұрлық, 1 тонау, 5 алаяқтық  фактісі  тіркелген.


Ағымдағы айдың тоғызы күні түнгі сағат 23.00-де ұрлық фактісі тіркелген. Яғни  белгісіз біреу Әбілқайыр хан даңғылындағы  «Погребок» кафесінде болып, 1969 жылғы С. есімді азаматшаның қымбат тонын ашықтан-ашық қолды қылған. Бағалы сырт киімінен айырылған әйел адам  шыңғыра айқайлап, көмек сұрайды. Полицияға телефон шалады. Оқиға орнына жедел жеткен Орал қалалық ІІБ-ға қарасты жол-патрульдік полиция батальонының тәртіп сақшылары көп ұзамай 1993 жылғы С. есімді  суыққолды  қолға  түсірді.


Айыппұл өндірудің ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН

Күні: , 821 рет оқылды

20150225_164440


Сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы мемлекеттік мекемесінде уәкілетті органдар салған әкімшілік айыппұлдардың өндірілу қарқынының төмендігіне байланысты жедел кеңес өтті.


Шара тізгінін ұстаған басқарма басшысы Жанат Нұрмағамбетова жеке және заңды тұлғаларға салған әкімшілік айыппұлдарды пайыздық көрсеткішімен көрсетіп, борышкерлерден айыппұлды өндіру жолдарын ұсынды.

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика