Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Күні: , 708 рет оқылды

Құрылысшылар  күніне орай  Орал  қалалық  мә­де­ниет  және  демалыс саябағында  салтанатты  жиналыс  өтті.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов және еңбек ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері және сала мамандары қа­тысты. Жиында Игорь Стексов құ­ры­лысшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі тұрғын үй, ауыз су, автожол құрылысының қарқыны жөнінде баяндады. Кейін Орал қа­ласының құрметті азаматы, соғыс жә­не еңбек ардагері Хамза Сафин сөй­леді. Мерекелік жиында «Сана­Мар­кет» ЖШС-ның техникалық қа­даға­­лау бойынша сарапшысы Амет Жаку­- даев, «ЖайықСтройИнжиниринг» ЖШС директорының орынбаса­ры Дүйсен Кенжалиев, «Жиенбай» ЖШС-ның бас инженері Боранбай Мерғалиев, «Уральскводстрой» АҚ-ның бас ме­ханигі Николай Мясников, «ГазПром­Проект» ЖШС-ның жетекші инжене­рі Ольга Шаталова, «Асфа» ЖШС-ның бас инженері Валерий Сакович «Қа­зақстанның құр­мет­ті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталды. «Аль­- таир» ЖШС-ның аға прорабы Анатолий Маринин, «ГазПромПроект» ЖШС-ның жетекші инженері Ольга Селкина, «УралВодПроект» ЖШС-ның жоба бойынша бас инженері Ири­на Шидаева, «СанаМаркет» ЖШС-ның техникалық қа­дағалау бойынша са­рапшысы Бүркіт Құспанов, облыс­тық жолаушылар кө­лі­гі және автомобиль жолдары бас­қармасының бө­лім басшысы Бауыржан Есенғалиев­ке ҚР Инвестициялар және даму министрінің, «Адал арна» ЖШС-ның директоры Жандаулет Нұрлыбаевқа аталған министрліктің Автомобиль жолдары комитеті төр­ағасының құр­мет грамотасы табысталды. Одан ке­йін өңірлік кәсіби шеберлік байқа­уы­ның 13 аталымы ие­герлеріне дип­ломдар берілді. Бір топ cала мама­ны облыс әкімінің ал­ғысхатымен  ма­рапатталды. Салта­натты жиналыс­тан кейін шағын концерт ұйымдас­ты­рылды. Айта кетейік, былтыр өңірде «Нұр­лы жер» бағдарламасы аясында 392 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – республика бойынша бағдарламаның орындалуы жөнінен жоғарғы көрсет­кіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта 234 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Өткен жылдан бері облыс бойынша бес мектептің және бір интернаттың құрылысы аяқталған. «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағытына сәйкес 2011-2016 жылдары барлық қаржыландыру көзінен 6,1 млрд. теңге бөлініп, 66 сумен жабдықтау нысаны салынды. Былтыр 9 млрд. теңге көлемінде қаржыға 55 елді мекендегі 39 нысанның құры­лы­сы жүргізілсе, биыл 49 елді ме­- кенге таза ауыз су жеткізу үшін 4,2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Биыл­ғы жылы 24 млрд. теңгеге облыста­ғы 400-ден астам шақырым авто­мобиль жолын жөндеу жоспар­ланған. Нұртай   ТЕКЕБАЕВ, «Орал  өңірі»

Тайваньдықтарды тамсандырды

Күні: , 737 рет оқылды

Дәулеткерей  атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі  Тайвань аралында жуырда ғана өткен халықаралық фестивальдың лауреаты атанды.

Өнерпаздардың жарқырай көрінуінде ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Еркін Нұрымбетовтің еңбегі зор. Тайваньда жыл сайын фольклорлық бағытта өтетін халықаралық фестивальға биыл 24 мемлекеттен өнер ұжымдары келіпті. Біздің облыстан барған Дәулеткерей атындағы оркестр шағын құраммен  қатысқан. – Фестивальға қатысу үшін келісім ақпан айынан бері жүргізілді. Сапарға дайындалғанда қаржы мәселесі туындады. Тай-ваньға жету үшін үш мәрте көлік ауыстырдық. Аламанға баруды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Дәурен Ғылымов ұсынған еді. Бұл бастаманы Ғ. Құр-манғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Қажығалиев бірден қолдап, облыс әкімі Алтай Көлгіновке хат жолдадық. Алтай Сейдірұлы іс-сапар шығынын өтеу мәселесін тікелей өз қадағалауына алды, – деді Еркін Нұрымбетов. Оның сөзінше, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрін- де 50 өнерпаз бар. Бірақ шағын құрамда халықаралық фестивальдар мен республикалық байқаулардың лауреаты атанған, яғни сайдың тасындай іріктелген 10-15 адам өнер көрсеткен. Ялан қаласының саябағында өткен фестивальда әрбір өнерпаз ұлттық саз аспабында ойнай білуге және халық әнін шырқауға тиіс болған.  Екі апта ішінде Дәулет-керей ансамблі он бес мәрте концерт өткізген. Басқа елден келген өнер топтарында 45 адамға дейін болыпты. Олардың көбі би ұжымы екен. Шағын құраммен қатысқан біздің өнерпаздар концерттік бағдарламаларында бірде-бір нөмірді қайталамастан, қазақтың ән-күйлерін және танымал композиторлардың туындыларын әуелеткен. Және Тайвань әнін орындаған бірден-бір ұжым болған. Еркін Нұрымбетовтің айтуынша, байқауды ұйымдастырушылар ән нотасының транскрипциясын алдын ала ағылшын тілінде жолдаған. Интернет арқылы ән-нің түпнұсқасы табылып, әнші Айбар Қайырханов оның дұрыс шырқалуын ыждаһаттылықпен үйренген. Оркестр Тайвань әнін орындағанда жергілікті халық зор қошеметпен қарсы алған. Олар оркестр мүшелерінің ұлттық саз аспаптарына, киім ерекшелігіне таңданыспен қарап, қазақ күйінің алуан әуенге қанық екеніне сүйсінген. Өнер ұжымын қолдағаны үшін шараны ұйымдастырушылар облыс әкімі Алтай Көлгіновке алғысхат жолдаған. Биылғы жыл оркестр үшін жемісті болды. Астана қаласында тұңғыш аталып өткен Дом- быра күнінде ұйымдастырылған «Серпер» халықаралық фестивалінде де Дәулеткерей атында- ғы қазақ халық аспаптары оркестрі лауреат атанған еді. Арайлым  БЕКҚАЛИЕВА

«ҚАЗПОШТА» мен «ЖАЙЫҚ ПРЕСС» «пошташы баланы» ұмытпайды

Күні: , 60 рет оқылды

«Қазпошта»  АҚ  облыстық  филиалының басшылығы  «Орал  өңірі»  газетінде  ұзақ  жыл еңбек еткенбүгінде  тоқсанға  таяған  жасы  бар  ардагер  Ғилаж  Наурзинді  «Жайық  Пресс»  ме­диа­холдингіне  арнайы келіп  құттықтадыОның сойылдай  себебі  бар  еді. Сонау соғыстың түтеп  тұрған  кезінде 11-12 жасар Ғилаж ағай ауылдарға  хатхабар  тасып, «поштабай бала» атанғанБүгінгі  күнде  де  қария  сол  «мамандығынан» әлі  қол  үзбей  келеді. Қаратөбе ауданы Егін­дікөл ауылдық кеңесінің «Социализм» колхозында дү­- ниеге келген кейіпкеріміздің ба­лалық шағы Ұлы Отан соғысы­мен қатар келген. Жасөспірім ша­ғын­да майданнан келген хаттарды ауыл-ауылға тасып, еңбекке ерте араласады. Мектепте ұстаз, ке­йін аудандық газеттерде тілші, бөлім меңгерушісі, редактор­дың орынбасары, редактор болып қызмет атқарған. 1977 жылдан бастап ба­тыс өңірінің белді басы­лымы «Орал өңірі» газетіне қыз­метке қабылданып, сол кезде жаңадан ашылған құрылыс және су шар­уашылығы бөлімінің меңгеруші­сі болады. Оның көркем очерк­те­рі, бейнелі репортаждары сол кездегі қарқынды жүрген құры­лыс­тың  жылнамасы болып қалған еді. Бүгінде жасы тоқсанға таяп қалса да, Ғилаж Наурызұлы сер­гек  те  елгезек  қалпында. Жиын барысында «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас ди­ректоры Рауан Сәбитов пен «Қаз­- пошта» АҚ БҚО филиалы дирек­то­рының орынбасары Нұрғиса Камашев және аталмыш мекеме­- дегі желіні басқару секторының бас маманы Динара Валиева құт­тықтау сөз алып, ақ­жарма тілекте­рін  арнады. – Хат, га­зет тасу­шы­­лардың жұмы­сы оңай деуге бол­майды. Күннің ыс­тық-суығына, жауын-шашынына қара­май, қо­лың­дағы хат-хабарын тиіс­ті мекен­жа­йына жеткізеді. Сіз сол міндеті­ңізді орын­дау­да талай қиын­дық­тарға тап болсаңыз да мойыма­дыңыз. Сіз­ді ешкім міндеттемесе де, ол үшін  ақша төлемесе де, со­ғыс жыл­дарындағы «поштабай ба­ла» атандырған мамандығы­ңыз­ға ақса­қал күніңізде де адал­дық таны­тып келесіз. Ендігі тілек осы қал­пыңыздан, қуа­тыңыздан айнымай, ортамызда кү­ліп-ойнап ғұмыр кеше беріңіз. Біз сізге бас иеміз, Ғилақа, – деді «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы ди­ректорының орын­басары  Нұрғи­са  Камашев. Сондай-ақ қызметтес болған әріптес інілері Мәжит Қайырға­лиев пен Есенжол Қыстаубаев  әдемі  естеліктерімен  бөлісті. – Ғилақаңмен 1977 жылдан бе­­рі  қызметтес болдым. Әр түрлі бөлімдерде жұмыс жасадық. Ол кісінің бір ерекшелігі, жұмыс де­се, жанын салатын. Тоқсанға тая­ған жасына қарамастан, әлі күн­ге дейін редакциялардың газеттерін бірінен-біріне тегін тасып, үлестіріп жүреді. Деніңіздің  сау болуы, сергек қалпыңыздан тай­мауыңыз осы жүгірістің арқасы деп білемін. Сіздің еңбек жолы­- ңыз, салауатты өмір салтын ұс­тайтын қасиетіңіз жастарға үл­гі. Деніңізге саулық, отбасыңызға аман­дық тілеймін, – деді ардагер журналист  Мәжит Қайырғалиев. Ал әріптес інілері атынан сөз алған Есенжол Жұмағұлұлы ке­йіп­керіміздің тағдырдың сынағы мен қиындығын  ерлерше еңсер­генін жеткізді. – Мен Ғилаж ағайдың алғаш­қы шәкірттерінің бірімін. Ол тағ­дырдың теперішін көп көрген адам. Жасы еңкейген шағында еңбегін ескеріп, оған рухани қуат беріп жатқандарыңызға көп-көп рақмет. Қарияны қадірлейтін ұр­пақ екенімізді көрсетіп жатыр­сыздар. 1977 жылы 20 қыркүйек­те «Орал өңірі» газеті­нің редак­циясына жұмысқа тұруға алғаш келген кезім. Бас редактор Бақ­тыбай Далабаев болатын. Ол іш­кі телефонмен бір кісіге хабар­ласты. Бір кезде қаршығадай кіш­кентай кісі кабинетке жылдам кі­- ріп келді. Ғилақаңды бұрын көр­меген едім. Бас редактор: «Ғи­ла­қа, бұл бала Алматыдан келіп отыр. Тайпақтың баласы екен. Оқу­ға түскенше, құрылыс саласында жұмыс жасаған.  «Лениншіл жас» газетіне мақала жазып тұр­ған. Осы баланы сізге тапсыр­дым», – деді. Ол кезде қалада құ­рылыс салу қарқыны қызып жат­қан кездер еді. Газетте де ар­найы бөлім ашылған. Кабинет­тен шыққан соң Ғилақаң қолым­нан ұстап алып, бірінші сынып­тың баласындай жетектеп, өз кабинетіне алып барды. Осылай редакцияға келгендегі алғашқы ұстазым болған. Ешқашан өті­рік сөйлемейтін. Мені де солай тәрбиеледі. Сондай-ақ ол соғыс­тың барлық трагедиясын жүре­гі­нен өткізген адам. Сол кезде пош­ташының сөмкесі де ескі болуы керек. «Хаттарды кеудеме тығып алып,  аяғыма шөңге кіргеніне қарамастан, жалаң аяқ  дала жолы­мен зымырап жүгіретінмін. Со­ғыстың аяғына қарай мені есей­ді деді ме,  поштадағылар маған  майданнан келген «қара қағазды» да жеткізуді тапсыратын. Әрине, оны межелі жеріне апаруға жү­регім дауаламайды. Ауылдағы үл­кендерге апарып тапсырамын» дейді. Бүгінде Ғилақаңның редак­цияға газет әкеліп тұратынына үйреніп кеткеніміз сондай, 2-3 күн келмей қалса, ауырып қалған жоқ па екен деп елеңдеп отырамыз, – деді  ол. Шара соңында  сөз алған кеш иесі Ғилаж Наурызұлы көңілі­не дем берген шараның ұйымдас­ты­рушыларына алғысын білдірді. – Менің еңбегімді елеп-еске­ріп, құрмет көрсетіп отырған­да­рыңызға  үлкен рақмет. Адам жа­сы ұлғайған сайын рухани қол­дауға зәру болады екен. Бүгінгі шарадан рухани күш алып, ерек­ше толқу үстіндемін. Біз кешегі балалығы мен бал күні отқа шар­пылған ұрпақтың өкіліміз. Әке-шешеден ерте айырылып, жетім­діктің, аш-жалаңаштықтың аза­бын тартудай-ақ тарттық. Тағдыр­дың жазуы шығар,  жарымнан да ерте айырылдым. Қазір редак­циядағы әріптес болған  іні-қа­рын­дас­тарыммен тілдескен сайын бір марқайып қаламын, – деді.

Гүлсезім   БИЯШЕВА, «Орал   өңірі»


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика